Название Скачать
1 Құжаттар (жарғы, бұйрық, талон, гос акт, тех паспорт) 

КМҚК  «Нұрбөбек» бөбекжай – балабақшасы 2009 жылы  ашылып, іске қосылды. Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, Парасат бөлімшесі , 45 ғимаратта орналасқан. Балабақшада 6 топта 101 бүлдіршін тәрбиеленуде.  Олар «Ер - Төстік», «Еркем – ай», «Балауса», «Бөбектер», «Балапан», «Көбелек» топтары. Оқу – тәрбие процесі қазақ тілінде жүргізіледі. Педагогикалық қызметкерлер саны – 19, оның ішінде жоғары білімді – 10, арнаулы орта білімді – 9, жоғары санатты – 3, І  санатты – 2, ІІ санатты – 4, ІІ – педагог – модератор – 2, педагог – сарапшы – 1  педагог қызмет атқарады.

Балабақша ғимаратының көлемі 752 шаршы метр. 6 топқа арналған ойын бөлмесі, ұйықтату бөлмесі, қабылдау бөлмелері бар. Балалардың жас ерекшелігіне сәйкес жиһаздармен, ойыншықтармен жабдықталған. АКТ- на сәйкес топтар ноутбуктармен, интерактивті тақталармен, мультимедиялық проектормен жабдықталған. Педагогтардың шығармашылық жұмыстарын, озат тәжірибелерді зерттеу, тарату мақсатында әдістемелік кабинет жұмыс жасайды. Тәрбиеленушілерді шығармашылық бағытта дамытуға арналған саз залы бар, музыкалық аспаптармен қамтылған.

Балабақаша ауласында әрбір топқа арналған беседкалар, табиғи экологиялық таза ағаштардан жасалған ойын алаңдары бар.