Балабақшаға қабылдау ережесі

 

Тәрбиеленушілерді балабақшаға қабылдау балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес INDIGO электронды автоматтандыру жүйесі арқылы балабақшаға қабылданады.

  

Балабақшаға  қабылдау үшін қажетті құжаттар:

 

  1. Баланың туу туралы куәлігі (көшірме)
  2. Ата – ананың жеке куәліктері (көшірме)
  3. Баланың фотосуреті (3х4) – 1 шт
  4. Медициналық картасы (форма 26)
  5. Жұмыс орнынан анықтама
  6. Неке қию туралы куәліктің көшірмесі
  7. Файл папка (көк түсті)

 

 

Ата – аналарға арналған ереже

 

Құрметті ата аналар,  сіздердің назарларыңызға, балабақшамызда сақталатын маңызды ережелерді  ұсынамыз:

 

֎ - Ата – аналар баланы балабақшаға алып келерде және алып кетерде міндетті түрде бетперде тағулары қажет;

 

֎ - Ата – аналар баланы балабақшаға белгіленген күн тәртібі бойынша таңертеңгі сағат 08:30 – дан кешіктірмей әкеліп, кешкісін сағат 18.30 –дан кешіктірмей алып кетуі керек;

 

֎ - Күнбе – күн баланы тәрбиешінің қолына тапсырып, кешкісін тәрбиешінің қолынан алуға тиіс. 18 жасқа толмаған адамдарға, мектеп жасындағы оқушыларға, мас күйіндегі адамдарға бала берілмейді.

 

֎ - Баланың балабақшаға қатысқаны үшін бекітілген төлемақысын уақытында төлеуге, сонымен қатар келісім шартта  көрсетілген ақылы қызметтердің ақысын уақытында төлеуге міндетті;

 

֎ - Ата – ана баланың алдағы уақытта болмайтындығын, оның сырқаттанып қалғандығы туралы (1 күн бұрын немесе 08:30 – ға дейін) ескертіліп,  ауырғандығы туралы медициналық анықтамасымен келуі керек.

 

֎ - Баланың балабақшада ұзақ болмауын жоспарлау кезеңін (ата – ананың демалысы немесе шипажайда емделуі) балабақша басшысына (жазбаша) білдіруі керек.

 

֎ - Баланың балабақшаға өзімен бірге не алып баратындығын қатаң қадағалап, қауіпті заттарды алып келмеуді, ұстамауды ескертуі тиіс. Тәрбиеші үйден әкелінген ойыншықтардың, бағалы заттардың (ұялы телефон, әшекейлер және т.б) сақталуына жауап бермейді.

 

֎ - Ата – ана балабақша ережесін, ішкі тәртіп ережелерін, балабақша мен ата – аналар арасындағы келісім шарт талаптарын сақтауға міндетті;

 

֎ - Ата – ана балабақша қызметкерлерімен сыпайы болуы керек, баланың және бөтен тұлғалардың көзінше даулы мәселелерді шешпеуі керек.

 

 

Қауіпсіздік

 

«Нұрбөбек» бөбекжай – балабақшасы аумағы, ғимаратында толығымен тәулік бойы бейнебақылау жүргізіледі.

Мектепке дейінгі мекемеде рұқсат етілмеген тұлғаларды болдырмау, ата – аналардың, балалардың, балабақша қызметкерлерінің жаппай кіруі мен шығуына бақылауды қамтамасыз ету, бөбекжай – бақша аумағына рұқсат етілмеген автокөліктің кіруіне тыйым салу, лаңкестік актілердің өтуі мен дайындық белгілерін анықтау, алдын алу және болдырмау мақсатында «Нұрбөбек» бөбекжай – балабақшасы аумағын, ғимаратын қорғап ондағы қауіпсіздікті толығымен сақтауда бейнебақылау жаппай жұмыс істейді.

  

Медициналық қызмет

 

Балабақшаның алғашқы медициналық санитарлық және дәрігерге дейінгі көмек көрсету үшін № 00658DR нөмірлі лицензиясы бар.

Балабақшада медбике келіп кететін барлық балаларға апта сайынғы тексеруді, жаңадан келген балаларды мұқият тексеруді, сырқаттан кейінгі тексеруді міндетті түрде жүзеге асырады.

 

Тамақтандыру

 

Балабақшада балаларды үш мезгіл тамақтандыру жүзеге асырылады. Ас мәзірі балалардың жас ерекшеліктерін және азық – түліктің маусымдылығын есепке ала отырып 10 күндік ас мәзірі құрылды. Баланың ағзасына қажетті компоненттермен, ақуыздармен, көмірсулармен, дәрумендермен тиісті мөлшерде қамтамасыз етіледі.

Алынған азық – түліктің сапасына, оларды сақтаудың мерзіміне және күнделікті астың дайындалуына бақылау жасалынып отырады. Тамақтану нормалары «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.