ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастау алған 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз, – деп атап өтті Президент. Осыған орай балабақшамызда жоспар құрылған болатын және сәуір айына “Әнші балапан” атты фестиваль бекітіліп, өте жақсы деңгейде өтіп шықты. Балалар өз өнерлерін ортаға салып, ата - аналарын және тәрбиешілерін тәнті етті. Фестиваль соңында тәрбиеленушілерді әртүрлі номинация бойынша марапаттап, балаларға сыйлықтар берілді.